БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

1Мектепке дейінгі ұйымның атауыТөлеби  ауданының  «Айсұлтан» бастауыш мектеп  бөбекжай – балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен – жайы)Казахстан,Түркістан облысы ,Төлеби  ауданы, Бірінші мамыр  ауылдық округі, Бірінші мамыр ауылы Қожабек көшесі №3 ғимарат
3Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, web сайт)Ұялы телефон: +77478461426 Электрон поштасы: jazko-1978@list.ru                                                aisultan_bmb@bk.ru
Web сайт. https://aisultan-edu.kz/
4Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшысының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесіРысбекова Гульжазира Сейлхановна  « Айсұлтан» бастауыш мектеп бөбекжай-балабақшасының құрылтайшысының  2018 жылғы  11 желтоқсанындағы   № 1 бұйрықпен директор болып тағайындалған.
5Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/ куәліктің көшірмесі қоса беріледі)Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықтама заңды тұлғаның қайта мемлекеттік тіркеуден 28.01.2026ж өткен. БСН 181240009949  
6Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон)Медициналық қызмет айналысуға Мемлекеттік лицензия 11.03.2019жыл № 01111536DX Қызметті жүзеге асыру туралы хбарламаны қабылдау талоны KZ47RVK00049111 хабарлама берілген. 11.05.2023ж
7Құрылған жылы2019жыл
8Типтік ғимаратБір қабатты екі ғимарат
9Топтар саны4 топ
10Балаларды оқыту тіліҚазақ тілі
11Жұмыс аптасының ұзақтығы5 күндік
12Ауысым саныТәрбиешілер: Ӏ ауысым; ӀӀ ауысым
13Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс – әрекетінің ұзақтығы — минутпенЖас ерекшеліктері: 5 жас – МАД топ, 4 жас — ересек топ, 25-30 минут 3 жас -ортаңғы топ, 15-20 минут
14МҰД – ның жобалық әлеуетіБалабақша орны 100 балаға арналған. 25.05.2023 жылы № X.10.X.KZ06VWF00098020 Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды.

«Айсұлтан» бастауыш мектеп  бөбекжай-балабақшасы туралы ақпараттық анықтама

Жалпы сипаттамасы мен инфрақұрылымы Балабақша 100 орынға арналған және ыңғайластырылған 1 қабатты екі бөлек ғимаратта (№3 ғимарат және №3А ғимарат) орналасқан. Әр ғимарат 50 баладан қабылдайды. Қауіпсіздік пен қолжетімділік мақсатында сыртқы есікте домофон жүйесі, ал ғимаратқа кіреберісте баспалдақ пен пандус орнатылған.

  • Жұмыс кестесі: Аптасына 5 күн, сағат 8:00 – 18:30  аралығында.
  • Тәрбие тілі: Мемлекеттік (қазақ) тілі.
  • Ғимараттар құрамы: Төрт топтың да жеке ойын, жатын және жуынатын бөлмелері мен әжетханасы бар. Бұдан бөлек, медициналық кабинет, психолог кабинеті, акт залы, асхана, қойма, кір жуатын бөлме және әкімшілік кабинеті жұмыс істейді.
  • Инженерлік жүйелер: Орталықтандырылған су, электр, жылу және кәріз жүйелері тартылған. Өрт дабылының автоматты хабарлау жүйесі мен бейнебақылау камералары орнатылған.

Топтар құрамы (жалпы 4 топ – 100 бала)

  • «Бәйшешек» ортаңғы тобы – 3 жас (25 бала)
  • «Аққу» ортаңғы тобы – 3 жас (25 бала)
  • «Айгөлек» ересек тобы – 4 жас (25 бала )
  • «Балапан» МАД (мектепалды даярлық) тобы – 5 жас (25 бала)

(Әр ғимаратта 2 топтан, бөлмелер жас ерекшеліктеріне сай жабдықталған).

Медициналық кабинет және аула жағдайы:

  • Медициналық кабинет:
  • Мектепке дейінгі ұйымда қабылдау бөлмесі,  изолятор бар, медициналық блок бар. Қабылдау бөлмесі келесі жабдықтар: жұмыс үстелі, ноутбук, принтер, бой өлшегіш, еденге қоятын таразы, алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмектері бар медициналық шкаф, медициналық құжаттарға арналған шкаф-полка бар, жарақтандырылған. Медициналық кабинет барлық қажетті жабдықтар: тоңазытқыш,  жұмыс үстелі, 2  кушетка, раковина, бактерицидті сәулелендіргіш, ауа стерилизаторы, шокқа қарсы мүйіс, гигрометр және т.б. жарақтандырылған. Изоляторда раковина, бактерицидті сәулелендіргіш, кереует, балалар үстелі мен орындығы  бар.
  •  Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға (12-қосымшаға) сәйкес емшара және оқшаулау (изолятор) бөлмелерімен, қажетті құрал-саймандармен толық қамтамасыз етілген.
  • МДҰ-да медициналық кабинет жұмыс істейді, санитариялық-гигиеналық жағдайға бақылау жасалады, балалардың денсаулығына мониторинг жүргізіледі, инфекциялық аурулардың профилактикасы және денсаулық сақтау органдарымен өзара іс-қимыл қамтамасыз етіледі.
  • Осылайша, тәрбиеленушілердің денсаулығын қорғау және медициналық қолдау көрсету жағдайлары белгіленген талаптарға сәйкес келеді.
  • Балабақша ауласы мен ойын алаңы: Аумағы көгалдандырылған, ағаштар отырғызылған. Аулада 4 топқа арналған 4 күрке (беседка), жеке қоршаулары бар ойын алаңдары, 3 әткеншек, 2 сырғанақ, құмсалғыштар, сондай-ақ балалардың дене шынықтыруы мен демалысына арналған жаздық спорт алаңы мен жаздық бассейн орналасқан.